|
02.09.2022 | 21:58
751

Б. Торғаев: Басты құндылық – адами капитал

Бекқали Торғаев ​қоғам болып ұйысып, еліміздің ұлы мұратына жету жолында барша қазақстандықтарды аянбай еңбектенуге шақырды

 Б. Торғаев: Басты құндылық – адами капитал

 ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Бекқали Торғаев Президент Жолдауындағы еліміздегі түбегейлі саяси жаңғыртуды және әлеуметтік-экономикалық дамуды күшейту мақсатында нақты реформалардың 5 бағдары жайында пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Almaty.tv. 
"Еліміздегі түбегейлі саяси жаңғыртуды және әлеуметтік-экономикалық дамуды күшейту мақсатында нақты реформалардың 5 бағдары анықталды:

● Жаңа экономикалық саясат

● Экономиканың нақты секторын дамыту

● Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция

● Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту

● Заң мен тәртіп", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев. 

"AMANAT" партиясы Фракциясының мүшесі Бекқали Торғаевтың айтуынша, Мемлекет Басшысы Жаңа Қазақстанның басты құндылығы – адами капитал, азаматтардың өсіп-өркендеуі үшін жағдай жасау, отандастарымыздың мүддесін қорғайтын заң жүйесі мен мемлекеттік аппараттың қалыптасуына басты назар аударды.

"Экономика саласын дамытуда мемлекет өзінің экономикаға араласуын біртіндеп азайтады. Бұл нарықтық экономиканың басты принциптерінің бірі. Осының негізінде еліміздің кәсіпкерлерінің экономика секторларын дамытуға жолы кеңейе түседі. Сондай-ақ, Жолдауда Президент шағын және орта бизнеске арналған жеңілдетілген несиелердің арттырылуын, жалпы бизнес саланы қолдауға арналған мемлекеттік бағдарламаны жаңадан жасақтауды тапсырды."

Халқымыз үшін ауыл деген қастерлі ұғым. «Ауылым – алтын бесігім» деп дана халқымыз айтқандай, Жолдау аясында жер және су ресурстарын сақтау – ұлттық қауіпсіздіктің басты міндеті болып анықталды. Бұнымен бірге халықты сапалы сумен қамтамасыз етуге және су ресурстарын тиімді игеруге үлкен мән берілді.

Тағы ерекше атап өткім келетін жайт, Президент ауыл шаруашылығы секторын жүйелі дамытуға назар аударды. Фермерлердің өнімдерінің көлемі мен сапасын арттыруға мемлекет жан-жақты жәрдемдесетін болады. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін ойластырылған түрде ірілендіру қажеттілігі аталды. Келесі маңызды фактор – ауыл шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік субсидиялаудың ұзақ мерзімді жаңа тәсілі жасақталатын болады", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев.

 Бекқали Торғаев қоғам болып ұйысып, еліміздің ұлы мұратына жету жолында барша қазақстандықтарды аянбай еңбектенуге шақырды.

"Президент атап өткендей: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс». Әр мемлекеттің жүйелі дамуы – берекелі еңбек пен берік отбасынан басталатыны анық.

Осы ретте, еліміздің болашағы – жастарға жан-жақты қолдау көрсету үшін мемлекет түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беретін болады. Жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін жеңілдетілген тәртіппен 2,5% шағын несиелер беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етері сөзсіз.

Президентіміз Жаңа Қазақстанды құру аясында отандастарымыздың әл-ауқатын арттыруға, құқықтарын мен мүдделерін қорғауға, әділетті қоғам құруға және саяси-экономикалық өсімді қамтамасыз ету үшін үлкен реформаларды іске асыруды бастады.

Осы ретте қоғам болып ұйысып, еліміздің ұлы мұратына жету жолында барша қазақстандықтар аянбай еңбектенуі керек. Мақсат анық, еліміздің бастамасы берекелі болсын", - деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бекқали Торғаев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир