Б. Сағынтаев «Қазақфильмде» шыққан өрттің шығу себебі мен шығынын анықтауды тапсырды

15.08.2020 05:05

Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

© Photo : kazakhfilmstudios.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақфильмде» шыққан өрттің сөндірілгенін хабарлады. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазақфильмде» өрт шықты. Аумағы 400 ш. м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш. м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым», – деп жазады әкім.