«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты: 1 адамның жағдайы ауыр
Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатқан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Алматы-Қапшағай» автожолында жаппай көлік апаты болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жолдың дәл осы учаскесін қоқыс полигонынан шыққан өрттің қою қара түтіні басып, 8 көлік соқтығысқан.
«Өрттің күшеюіне байланысты «Алматы-Қапшағай» ақылы учаскесінің 33-35 шақырымы аралығында 8 көлік соқтығысты. Салдарынан 3 адам түрлі дене жарақатын алды, 1 адамның жағдайы ауыр», – деді «QazAvtoJol» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.
Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі, жол полициясы және жедел жәрдем шамамен сағат 16:30-да келді. Қатты қара қою түтінге байланысты жол полициясы екі бағытта да қозғалысты уақытша тоқтатты. Қазіргі уақытта күшейтілген шаралар қабылдануда.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35