Алматыда автобус адам қақты

 zakon.kz
zakon.kz
Жол апатынан 5 адам зардап шекті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ірі жол апаты болып, салдарынан бес адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

№123 қалалық бағытында жүретін автобус Сейфуллин даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатқан. Төреқұлов көшесімен қиылысында жүргізуші бұрғанда, алдымен Hyundai Accent автокөлігіне соқтығысқан. Қоғамдық көлік тоқтамай, тротуарға шығып, жаяу жүргіншілер өткелінің алдында бірнеше адамды қағып кеткен. Содан кейін автобус СОО тұрағына шығып, Volkswagen Polo автокөлігіне соқтығысты. Бетон көпірге соқтығысқан автобус тоқтады.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апатынан 5 адам зардап шекті.

«Үшеуі жедел жәрдем ауруханасына, біреуі орталық қалалық клиникалық ауруханаға, тағы біреуі Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілді. Бесеуінің де жағдайы орташа», –  деді басқармадан.

Новости партнеров