Мұнайлы ауданы Баянды ауылындағы қоқыс полигонында өрт болды. Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқали негізгі өрт сөндірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.
З0 сәуірде сағат 01:00-де Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев мәлімдеме жасады.
"Қазіргі таңда негізгі өрт ошағы сөндірілді. Жан-жақтан шығып жатқан өрттер күшейіп кетпеуі үшін айналасы топырақпен қоршалды. Мұнайлы ауданы төтенше жағдай қызметінің жеке құрамы және "Маңғыстау жылу" МКК-ның ұжымы толық жұмылдырылды", - деді ол видеода.
Өрт орнында 20 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Ақтау әкімі де арнайы техникаларын жұмылдырды. Жағдай толық бақылауда екені хабарланды.
"Адам өміріне қауіп жоқ", - деді Ержан Күмісқали.