Алматы облысында бензовоздың қатысуымен болған апаттың себептері нақтыланды

10.12.2023 06:13

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ

Almaty.tv

9 желтоқсанда Қарасай ауданы Жамбыл ауылының маңында Алматы-Астана тас жолында бензовоз аударылып, салдарынан газ құбыры зақымдалып және кейіннен цистернадағы жанар-жағармай тұтанып, өрт шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері және барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді.

Арнайы өрт сөндіру құралдарын пайдалана отырып келген өрт есептеулерімен цистернаның өзін, сондай-ақ оған іргелес аумақты салқындату және сөндіру бойынша іс-шаралар жүргізілді.

Өрт орнынан жақын маңдағы үйлерге дейінгі қашықтық 450-500 метрді құрады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындарына полиция департаментінің арнайы автокөліктерінің дауыс зорайтқыш қондырғылары арқылы хабарланды, жол жабылып, блок бекеттер қойылды. 

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 5 сағат ішінде өрт оқшауланып, жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Жарылыс және өрттің таралу қаупіне жол берілмеді.

Төтенше жағдайды жоюға барлығы 40 қызметкер мен 10 техника жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Риддерде төтенше жағдай орын алып, арнайы комиссия құрылды