"Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешеніндегі өрт: 100-ден аса адам эвакуацияланды

"Алтын Бұлақ-2" тұрғын үй кешеніндегі өрт: 100-ден аса адам эвакуацияланды
Оқиға орнына 70-тен астам қызметкер, 18 бірлік техника жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматының Алатау ауданында көпқабатты тұрғын үйдердің бірінен өрт шығып, 100-ден аса тұрғын эвакуацияланып, 20 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен техникасы шақырту бойынша 11 желтоқсанда сағат 23:58-де Алмалы ауданы, Брусилов көшесіндегі 167 үйдегі өртті сөндіруге аттанғанын мәлім етті. Олар келген сәтте, яғни сағат 00:08-де «Алтын бұлақ-2» тұрғын үй кешенінің 6-7, сондай ақ 17-18-ші қабаттары жанып жатқан. 

«Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Газ және түтіннен қорғау қызметінің бөлімшелері қазір 120-дан астам адамды эвакуациялады, 20 адамды құтқарды, гидранттарға цистерналар орнатты. Баспалдақ алаңдарындағы түтінді азайтуға оны тартатын өрт сөндіру көліктері жұмылдырылды», - деп хабарлады Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Жалын шарпыған алаңға 70-тен астам қызметкер мен 18 техника жұмылдырылған. Эвакуация әлі де жалғасуда. Сол маңдағы жеке көліктердің көптігі өрт сөндіру техникасына кедергі болғанына қарамастан, өрт сөндіру сатылары іске қосылды


Новости партнеров