Жұлма-жұлмасын шығарды: Таразда 54 жастағы әйелді ит талап өлтірді

14.09.2019 00:52

Зардап шегуші шамамен 2 литр қан жоғалтқан

Таразда 54 жастағы келіншекті ит талап өлтірді. Жаға ұстатарлық жағдай тапа тал түсте орын алған. Оқиғаның куәгерлері әйел адамның жан ұшыра айғайлап жатқанын естіп, қол ұшын созуға асыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Тек ызаланған питбуль тұқымдас итті тоқтату мүмкін болмапты. Тіпті медициналық көмек көрсетуге келген жедел жәрдемге де жарты сағаттай күтуге тура келген. Құтырған итті тек полицейлер ғана тапаншамен атып, тоқтатқан.  Ал ит талап тастаған келіншек ауруханаға жетпей  жатып жан тәсілім етті.

«Ауруханаға түскен науқас шок алған, екі аяғындағы жараға алғашқы хирургялық ота жасалды. Қан тоқтатылды. Десе де, қолдан келгеннің барлығын жасап жатқан тұста науқастың жүрегі соғыуын тоқтатты», – деді Жамбыл облыстық ауруханасы бас дәрігерінің хирургия саласы бойынша орынбасары Жандос РЫСҚҰЛОВ.

Белгілі болғандай, қайтыс болған келіншек туыстарына қонаққа келген екен. Үйдің иесі итті сабасына түсіруге тырысқанмен қолынан келмеген.  Адам өлтірген питбулдің жасы небәрі 3-те екен. Көршілердің сөзінде, алып төрт аяқты жануардың бұл адамдарға жасаған бірінші шабуылы емес.  

«Ол итті жиі көретінбіз. Өзі өте қорқынышты. Үлкенді есекпен бірдей. Ит өткен-кеткенге үріп, ауланың есігі ашық тұрған тұста атылып тұратын. Бірнеше рет оны көріп қорыққаннан үйге қарай қашқанмын. Балаларды да қуады», – дедә Әзиза НАУРЫЗБАЕВА.