Оқиға 2020 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 14.40-та болған
Нұр-Сұлтанда 16 жастағы жасөспірімді автобус қағып кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz елордалық полиция басқармасына сілтеме жасап.
Оқиға 2020 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 14.40-та болған. Iveco маркалы автобусының жүргізушісі Кенесары көшесімен Жұбанов көшесі жақтан келе жатып, 2003 жылғы жасөспірімді қағып кеткен.
«Жол апаты салдарынан 16 жастағы жасөспірім түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Бала рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болғаны анықталды», – делінген хабарламада.