Өрттің себебі анықталып жатыр
Шымкентте қойманың шатыры жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
21 мамыр күні 15:28 шамасында құтқару қызметіне Тұран ауданы Ломоносов көшесі бойында жалпы ауданы 2400 шаршы метрді құрайтын бір қабатты қоймадан өрт шыққаны жайлы хабар түскен.
Қойма шатырының 280 шаршы метр аумағын жалын шарпыған.
Тілсіз жау сағат 16:20-да оқшауланып, 16:32-де сөндірілді.
Өрт сөндіру барысында апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері 1983 жылы туған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Оның сол қолының 6% күйіп қалған. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Отты сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан 50 адам және 11 техника, апаттар медицинасы орталығы филиалынан 4 маман жұмылдырылды.