Ауғанстанда жарылыс салдарынан 12 адам қаза тапты

19.10.2020 07:30

20-дан аса адам жарақат алды

anna-news.info

Гор провинциясына қарасты Фирозкох қаласындағы полиция бөлімінде жарылыс болды. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Tolo News телеарнасы Ауғанстанның ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап, жарылыстан 10 адам қаза тауып, 20-дан аса адам жарақат алғанын хабарлаған еді.

1TV телеарнасына жергілікті полиция өкілі мина қойылған көлік жарылғанын айтқан.