Алматыдағы митинг тәртіпсіздіктерге ұласты

05.01.2022 09:43

Қаланың тыныштығын сақтау мақсатында құқық қорғау органдары барын салып, қызмет етіп жатыр

© Sputnik/Александр Мироглов

5 қаңтарда Алматыда болған наразылық шерулер жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шеруге шыққандардың бір тобы Төле би көшесімен алаңға қарай беттесе, тағы бір бөлігі Абай көшесінің бойымен жүріп өтіп, Республикалық алаңға жиналды. Бір топ адам, ашуға бой алдырып, Полицейлердің көлігін өртеп, автозактарды төңкеріп, шамдарды сындырып, шыршаларды жағып жіберіпті. Мыңға жуық адам жұмылған жерге тәртіп сақшылары барып, жағдайды бақылауға алуға тырысып бақты. Өкінішке қарай маңайдағы үйлердің тыныштығын сақтап, бейбіт елді арандатушылардан арашалау мақсатында полицейлер дыбысы қатты жарылғыш заттарды қолдануға мәжбүр болды. Қаланың тыныштығын сақтау мақсатында құқық қорғау органдары барын салып, қызмет етіп жатыр.