Алматы-Өскемен трассасында жол белгісін салып жатқан жұмысшыны көлік қағып өлтірді

08.09.2023 13:01

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды

Жетісу облысы ПД

Алматы-Өскемен тасжолының 410-шақырымында Toyota Camry көлігінің 22 жастағы жүргізушісі 34 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жол ұйымының қызметкері жол-көлік оқиғасы кезінде жол белгілерін салып жатқан.

Соққыдан ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Көлік апаты бойынша қажетті сараптама тағайындалған, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

«Құрметті жүргізушілер, көлік жүргізу кезінде өте сақ және мұқият болуларыңызды сұраймыз. Облыс полицейлері баршаңызды жол ережесін сақтауға және жылдамдық режимін шектен тыс асырмауға шақырады», -деп ескертеді полиция.