Өскеменде ер адам өз денесін пышақпен тілгілеп тастады

19.11.2021 13:18

ШҚО ПД-нің мәліметінше, 37 жастағы қала тұрғыны көпқабатты тұрғын үйдің жанында суицид жасамақ болған

Видеодан кадр

Өскемендегі Михаэлис көшесінде тәртіп сақшылары қан-жоса болған ер адамды ұстады. Ол өз-өзіне қол жұмсамақ болған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап.

Оқиға куәгерлері түсіріп алған бейнежазбаны yknews.kz инста-парақшасы жариялады.

Денесін пышақпен тілгілеп, бар дауысымен айқайлаған ер адам полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. 

ШҚО ПД-нің мәліметінше, 37 жастағы қала тұрғыны көпқабатты тұрғын үйдің жанында суицид жасамақ болған.

"Аталған дерек бойынша ҚК-тің 105-бабы, 1-бөліміне (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізіу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді департаменттегілер.