Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды

03.08.2020 15:20

Суыт хабарды Салтанат Рақымбекованың күйеуі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы оның күйеуі Төлеутай Рақымбеков өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді.

«Алматы» телеарнасының ұжымы Салтанат Рақымбекованың отбасына, туған-туыстарына, жақындарына қайғырып көңіл айтады.