Ақтөбедегі әскери қалашық аумағынан өрт шықты
Видеодан кадр
Зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе қаласындағы әскери қалашық аумағынан өрт шықты. Құтқарушылар тілсіз жаумен екі сағатқа жуық арпалысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өрт шыққан ғимараттың қараусыз қалған құрлыс нысаны екендігін мәлімдеді.
«Әскери қалашық аумағында орналасқан қараусыз үйден шыққан өрт жөнінде хабар сағат 15:30-да келіп түсті. Қызыл жалын ғимараттың 300 шаршы метрін шарпып үлгерген. Құтқарушылар өртті 17:27-де толықтай сөндірді», – деп мәлімдейді облыстық ТЖД құтқарушысы.
Өртті сөндіруге 3 арнайы техника мен 9 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10