Ақтөбедегі әскери қалашық аумағынан өрт шықты

15.10.2021 в 13:25

Зардап шеккендер жоқ

Ақтөбе қаласындағы әскери қалашық аумағынан өрт шықты. Құтқарушылар тілсіз жаумен екі сағатқа жуық арпалысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында өрт шыққан ғимараттың қараусыз қалған құрлыс нысаны екендігін мәлімдеді.

«Әскери қалашық аумағында орналасқан қараусыз үйден шыққан өрт жөнінде хабар сағат 15:30-да келіп түсті. Қызыл жалын ғимараттың 300 шаршы метрін шарпып үлгерген. Құтқарушылар өртті 17:27-де толықтай сөндірді», – деп мәлімдейді облыстық ТЖД құтқарушысы.

Өртті сөндіруге 3 арнайы техника мен 9 адам жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ.