Медеу ауданындағы лай көшкіні салдарынан екі жеке тұрғын үй, олардың бірі жартылай зақымданды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Алдын ала ақпарат бойынша зақымданған үйде төрт адам болған, екеуі - бала.
Оқиға орнында "Қазселденқорғау" ММ, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қалалық ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен 160 адам және 30 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары №47 орта мектепке эвакуацияланды. Тұрғындар өз еркімен туыстарының үйіне кетті.
Медициналық топ кезекшілікте, зардап шеккендерді іздеу жалғасуда.
Еске салайық, 8 ақпанда сағат түнгі 2-20 сағат ішінде "Тау Самалы" Медеу ауданы, Олимпийская көшесінің бойында техногендік топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні жүрді.
Атап өтсек, лай-тереңдігі метрге дейінгі жұқа топырақ қабатының жолағы, ауырлық күшінің әсерінен еріген жаңбырмен немесе жерасты суларымен қаныққандықтан баурайдан төмен қарай лай тәріздес күйге ауысады.
Ақпарат толықтырылады. Тек ресми деректерге сенуді сұраймыз.