Қаза болған 5 жастағы қыздың отбасына көмек көрсетіледі

11.08.2022 13:31

Өңір басшысы іздеу жұмыстарына белсене атсалысқан еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен облыс тұрғындарына алғысын білдірді

ашық дереккөзден

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аудан әкіміне кішкентай Мәдинаның отбасына көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv

"Мәдина Ерланқызының отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Бұл тек олар үшін ғана емес, бүкіл облыс үшін қайғылы жайт. Біз бәріміз баланы аман-есен таба аламыз деп үміттенген едік. Өкінішке қарай, ойлағанымыз болмады", - деп жазды әкім.

Өңір басшысы іздеу жұмыстарына белсене атсалысқан еріктілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен облыс тұрғындарына алғысын білдірді.

Бұдан бұрын 5 жасар қыздың денесі судан табылғанын жазған болатынбыз.