Алматыда автобус апатынан 1 адам көз жұмды

 Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Болжам бойынша, автобус жүргізушісі ара қашықтықты сақтамай, Mercedes Benz жүк көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан алдыңғы орында отырған автобустың екінші жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Он бір жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Олардың біреуі ауруханаға жатқызылып, қалғандары амбулаторлық емдеуге жіберілген.

«Бүгін, 30 мамырда «Алматы-Шелек-Қорғас» автожолының 222 шақырымында рейстік автобустың қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Өңір полициясы барлық жүргізушіні белгіленген жылдамдық режимін, жол қауіпсіздігі талаптарын және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді», – деді Алматы облыстық ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Автобус жүргізушісі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз: Полиция алматылықтарға кептеліс туралы ескертті

Новости партнеров