Павлодарда мектеп асханасының тамағынан құрт шықты

12.10.2023 13:36

Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды

vseobovsem_pvl

Әлеуметтік желіде Мұхтар Әуезов атындағы орта білім мектебінің асханасында берілген ботқа мен котлеттің ішінде құрты бар фото таралып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Оны оқушы өзінің анасына жіберген.

"Ботқаның ішінде тірі жеміс құрты табылды. Әкімшілік, оқушылардың өзін-өзі басқаруы және ата-аналар қауымының өкілі жедел тексеріске шыққан болатын. Оның қорытындысы бойынша ботқа дайындалған жарманың бұзылмағаны анықталды. Ботқа да жаңадан пісірілген еді", - деп жауап берді М. Әуезов атындағы орта білім мектебінде.

Бұл жағдайды облыстық білім беру басқармасы тіркеп, бақылауға алды. Сондай-ақ облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне хат жолдайды.