|
20.06.2023 | 08:40
4929

Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кетті

Артынша бір адам келіп, оны алаңның ішінен шығарып алған

Қарағандыда қатты желден бала ойын алаңымен бірге ұшып кетті caravan.kz

Қарағанды облысында қатты желде жасанды көгалмен бірге ұшып кеткен балалардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Асфальтқа құлаған жеткіншек ми жарақатын алған. Ал туыстары бұл жағдайға әкімдікті кінәлап отыр. Өйткені газон жерге бекітілмеген. Енді оқыс оқиғадан кейін қаладағы барлық жасанды ойын алаңы тексеруден өтетін болды.

Оқыс оқиға кеше күндіз 14:00 шамасында болған. Әу баста үш бала ойнап жүрген. Біреуінің алаңнан алшақ кеткені сол еді, қатты жел қалған екеуін газонмен бірге аспанға ұшырды. Жеткіншектер тура асфальттың үстіне құлап, ауыр жарақат алған. 9 жастағы баланың миы шайқалып, ішек жолдарына зақым келген. Ал 8 жастағы Диярдың басы жарылып, білегі сынған. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер жағдайы тым ауыр дейді.

«Жасанды көгалды жасағанына 2-3 апта болған. Оны жерге бекітпеген. Балалар алаңын саламыз дегенде, депутаттар мен әкімдіктен адамдар келген. Олар бәрін қарап кетті. Бірақ газонды қоршамады», – деді Диярдың туысы Мақпал Шәмшиева.

Аудан әкімнің айтуынша, ойын алаңындағы жасанды көгалды мердігер компания өткен аптада төсей бастаған. Бірақ тұрғындарға пайдалануға берілмеген. Алайда мердігер компания ескерту белгілерін жасамаған деп отыр.  

«Бұл ойын алаңын біз әлі қабылдаған жоқпыз. Жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Қазір  топырағын төсеп жасанды көгалды төсейміз», – деді Ә. Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Күлекеев.

Қала әкімі әкімдіктерге бұл оқиғадан кейін барлық балалар алаңдары мен көгалдардың дұрыс бекітілуін тексеруді тапсырды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.  

Диана Сапарқызы, Дастан Шанин, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир