Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам автокөлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 26 желтоқсан күні сағат 18.16-да Бөрлі ауданы Дмитриев ауылы маңында болды. ТЖ, жергілікті атқарушы органдар және басқа құрылымдардың күшімен қар құрсауында қалған 22 автокөлік тазартылған жерге шығарылды. Автокөлік салондарында 33 адам болды, олардың бесеуі – балалар. Олар медициналық көмекті қажетсінбеді. Осындай оқиға Ақжайық ауданы аумағында болды. Орал-Атырау жолының 90-шақырымында сағат 04.27-де «Лада Калина» автокөлігі сынып қалған.
Бұл жөнінде сағат 08.06-да хабар түскен. Трассалық-медициналық құтқару бекетінің күшімен 3 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ Бәйтерек ауданында Үлкен Шаған-Переметный жолында сағат 06.51-де «Тойота» автокөлігі батып қалған. Қар құрсауынан 2 ересек, 2 бала құтқарылды.