Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған
Қарағанды-Егіндібұлақ тасжолында автобус өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Автобус вахта жұмысшыларын тасымалдаған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жолаушылар мен жүргізуші көліктен шығып үлгерді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртенген автобустың суреті әлеуметтік желіде пайда болды.
«31 қазан 15:46-да Қарқаралы ауданында Қарағанды – Егіндібұлақ тасжолының 30-шы шақырымында автобустың өртенгені туралы хабарлама келді. Автобустың өртенген жалпы аумағы – 24 шаршы метр. Өрт 17:37-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – делінген облыстық ТЖД хабарламасында.
Алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына электр сымының қысқа тұйықталуы себеп болған.