Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған
Таразда 12 жастағы жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.
Трагедия кеше 13.30-да болған.
Бала анасымен бірге Төле би даңғылындағы "Арбат" паркі аялдамасында автобус күтіп тұрған.
"Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаны толық және жан-жақты тергеуге бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.
Айта кетейік, Таразда қатты дауыл, жылдамдығы секундына 30 метрге жетті.