Бүгін – жалпыұлттық аза тұту күні

28.12.2019 13:48

Алматы маңындағы ұшақ апатынан 12 адамның қаза табуына байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен 28 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды

vlast.kz

Бүгін Нұр-Сұлтаннан бастап еліміздегі барлық әкімшілік ғимаратта мемлекеттік ту төмен түсіріледі.

Бүгін тұтас Қазақстан аза тұтады. Мектеп пен балабақшада жоспарлаған барлық мерекелік шара кейінге шегеріліп, телеарналардағы ойын-сауық бағдарламалары бір күнге тоқтатылады.

Алматы қаласының әкімдігі 28 желтоқсанда Жаңа жылға орай ұйымдастырылатын мерекелік шаралар мен корпоративтер өтпейтінін мәлімдеді.

"Қайғылы жағдайға байланысты ҚР Президенті әкімшілігінен 27-28 желтоқсан күндері өтетін корпоративтерді өткізбеу туралы ақпарат келді. 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Бұл күні қаладағы барлық мерекелік безендіру мен иллюминациялар өшіріледі", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ заң бойынша ұлттық аза тұту күні аяқталғанша электронды БАҚ-та жарнамаға тыйым салынады, мәйіттің, қанның суретін жариялауға болмайды.


Sputnik.