Қайғылы оқиғаның себебін тергеу тобы мен әкімдік өкілдері анықтап жатыр
Оралда әйел адам басына кірпіш құлап көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.
«Мой город» порталының жазуынша, полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Оқиға 26 қарашада болған. Орал қалалық ПБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Назарбаев даңғылы бойындағы №236 үйдің жанынан өтіп бара жатқан әйелдің басына кірпіш құлаған. Ол алған жарақатынан сол жерде көз жұмды», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиғаның себебін тергеу тобы мен әкімдік өкілдері анықтап жатыр.