Оқиға 15 қыркүйекте болған
Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен 14 жастағы қыз құлап, алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық жедел медициналық көмек станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыз Максим Горький көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйдің 8-қабатынан құлаған.
Оқиға 15 қыркүйек сағат 21:30-да болған.
Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына 3 минутта жеткен.
Мамандар 2009 жылы туған қыздың өлімін тіркеді.