Полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатуға байланысты құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша әлеуметтік желілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, барлық құқық бұзушылықтар 6-11 шілде аралығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықталған.
«Барлық факті бойынша материалдар жиналып, Павлодар облысының тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді. Аталған фактілерге қатысты құқықтық баға еліміздің заңнамасына сәйкес берілетін болады», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Алынған дәрілік препараттар пациенттерді емдеуде одан әрі пайдалану мақсатында тиісті органдарға беріледі.
Тәртіп сақшылары азаматтар дәрі-дәрмектердің бағасын көтерудің негізсіз фактілерін анықтаған жағдайда "102" телефоны бойынша полицияға хабарласу керектігін еске салады.