Атырауда қатты жел перзентхананың шатырын ұшырды

05.07.2022 13:54

Оқиға кезінде ешбір адам жапа шекпеді

ҚазАқпарат

Атырауда қатты жел облыстық перинаталдық орталық ғимаратының шатырын ұшырып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«4 шілде күні 20:00 шамасында Атырауда қатты жел облыстық перинаталдық орталық ғимараты шатырының бір бөлігін ұшырып кетті. Ғимарат бес қабатты. Жел жұлып кеткен шатыр бөлігі 500 шаршы метр аумақты қамтиды. Оқиға кезінде ешбір адам жапа шекпеді. Тек екі қызметкердің көлігі құлаған шатырдың астында қалды. Апат болған жерде өңірлік төтенше жағдайлар қызметінің мамандары жұмыс істеп жатыр» делінген хабарламада. 

Бұған дейін жергілікті атқарушы билік биыл облыстық перинаталдық орталық ғимаратына түбегейлі жөндеу жұмысы жүргізілетінін хабарлаған еді.