Алматыдан 410 км қашықтықта жер сілкінісі тіркелді

19.05.2021 13:57

MPV магнитудасы – 4,3

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 19 мамыр күні Алматы уақытымен 07 сағат 31 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 410 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. 

Энергетикалық санаты – 10,1. MPV магнитудасы – 4,3. Тереңдігі – 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.