Астанада құрылыс нысанында жұмысшылар төбелесті

29.05.2024 13:57

Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсінік берді

instagram.com/police__astana

Кеше Астанада құрылыс нысандарының бірінде жұмысшылар арасында төбелес болған. Аталған оқиғаға қатысты елордалық полиция департаменті түсінік берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Полиция әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде 2024 жылы 27 мамырда елорданың құрылыс нысандарының бірінде орын алған оқиғаға қатысты шынайы емес ақпарат тарап жатқанын хабарлады.

«Аталған фактіге қатысты бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.Жұмыс уақытында құрылыс нысанында жұмысшылардың арасында қақтығыс орын алғаны анықталды, оған ер адамның бірінің тұтастырғы құюға дайындап қойған еденнен өтіп кетуі және оған екінші жұмысшы адамның ескертпе жасауы себеп болған. Полиция келгеннен кейін жанжал реттелді», - деп хабарлады Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері орын алған оқиғаға қатысқан адамдардың барлығын анықтады, оларға қатысты заңда көзделген шаралар қолданылатын болады.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда жүріп бара жатқан автобус өртеніп кетті