|
Jol
01.12.2023 | 08:58
728

Батыс Қазақстанда автокөлік екі жылқыны қағып кетті

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр

Батыс Қазақстанда автокөлік екі жылқыны қағып кетті БҚО полиция департаменті

Батыс Қазақстан облысында автокөлік екі жылқыны қағып өлтірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 28 қарашада Бөрлі ауданы аумағында болды.

«Шамамен сағат 18:42-де Приурал-Ақсай жолының 1-шақырымында 1983 жүргізуші айдап келе жатқан «STAFF LINE SERVIKE» ЖШС-ға тиесілі ГАЗ-27055-750 автокөлігі жылқыларды қаққан. Жол апаты салдарынан автокөлік бүлініп, аталмыш серіктестікке материалдық залал келген. Мал жаю ережесін бұзған жылқының иесі әзірге белгісіз болып отыр»,- деп хабарлады ведомстводан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жылқы өлген.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталғанын жазған болатынбыз.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир