Қостанай облысында 15 жастағы қыз суға батып кетті

30.05.2022 в 13:58

Сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты

Рудныйда 15 жастағы қыз Тобыл өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі iagorod.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 29 мамырда Тобыл өзненіндегі ескі жағажайда болған. 

"Кезінде Рудный құтқару станциясы осында орналасқан. Бұл жер біраз жылдар бойы шомылуға жабдықталмаған. Бірақ адамдар әлі де осында демалуды жалғастырады", - деп түсіндіреді басылым.

Сүңгуірлер қыздың денесін сол күні сағат 19:00 шамасында тапты.