Таразда екі жедел жәрдем көлігі соғылып, біреуі аударылды

21.04.2020 в 13:58

Бұл туралы облыстық ПД өкілдері мәлімдеді

stan.kz

Таразда екі жедел жәрдем көлігі соқтығысып, салдарынан бес адам жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz.

Оқиға Төле би және Қойгелді көшелерінің қиылысында орын алған.

«Жол қиылысында қызыл жарықтан өткен біреуі екіншісін қағып кетті. Соққы салдарынан көліктердің біреуі бір жағына қарай аударылып кетті. Әр түрлі дәрежедегі жарақат алған бес адам Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалды», – делінген ресми хабарламада.