Атырау облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

27.06.2022 14:00

Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр

Атырау облысы ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында жол апатынан бес адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 26 маусымда сағат шамамен 16:00-де болған.

"Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан Hyundai Tucson көлігінің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады департамент өкілдері.

Жол апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болғаны хабарланды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр.