Қазір жолаушылар 200 шақырымдық айналма жол арқылы емес, шу шайып кеткен жолдың жанынан жасалған айналма жол арқылы қатынауда
Жаңбыр суының шайып кетуіне байланысты Алматы-Өскемен тасжолының 382-410 шақырымында жабылған жол ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазір жолаушылар 200 шақырымдық айналма жол арқылы емес, шу шайып кеткен жолдың жанынан жасалған айналма жол арқылы қатынауда.
«Жол қозғалысы қалпына келтірілді. Республикалық маңызы бар Алматы-Өскемен тас жолының 393-395 шақырымындағы құбырлы су өткелдерін су шайып кетуіне байланысты айналма жолдар жасалып, жол қозғалысы қалпына келтірілді», - делінген Ақсу ауданы әкімінің баспасөз қызметінің жариялаған хабарламасында.