Алматыдан 377 шақырым қашықтықта жер сілкінісі болды

05.04.2021 14:02

MPV магнитудасы – 4.4

Фото: ашық дереккөзден

Алматыдан оңтүстік батысқа қарай 377 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 5 cәуір күні Алматы уақыты бойынша 7 сағат 28 мин 39 секундта жер сілкінісін тіркеді. 

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік батысқа қарай 377 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.6. MPV магнитудасы – 4.4. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені жайлы мәлімет түспеген.