Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар егіз бала көз жұмды

ДЧС Алматы
ДЧС Алматы
Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбе облысында үй өртеніп, 5 жасар егіз бала көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қайғылы оқиға 3 ақпан күні Қобда ауданы Қызылжар ауылында болды. 

Қызыл жалын 8 шаршы метр жерді шарпыған. 

Қызылжар ауылына ең жақын өрт сөндіру қызметі 80 шақырым қашықтықта орналасқан. 

«Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенше еріктілер жалынның бетін қайтарып үлгерді. Дегенмен үйде 2017 жылы туған егіз бала болған. Екеуі ыстан уланған. Сол уақытта ата-аналары жұмыста болған екен», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.

Болжам бойынша от электр тогының қысқа тұйықталуынан шыққан.


«Электр сымдарының қысқа тұйықталынан болуы мүмкін. Сымнан шыққан өрт есіктің тұтқасын өртеген. Кейін ол шоқ линолеумге түседі. Линолеумнен түтін пайда болған. Дәрігерлер балаларға алғашқы көмек көрсеткенімен, өкінішке қарай, балалар қайтыс болып кетті», - деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асқар Төлешов.


Новости партнеров