Оқиға орнында 21 адам және 4 техника жіберілді
Ақтөбеде жазғы үй өртеніп, екі адамды күйік шалды. Оларға дәрігерлер көмек көрсетті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кеше сағат 18:46-да Ақтөбе қаласы Оңтүстік-Батыс-1 ауданы, Құрмашев көшесі мекенжайы бойынша жазғы үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнында 21 адам және 4 техника жіберілді. Арада 30 минут өткенде өрт толық сөндірілді. Өрт кезінде 1948 жылы туған ер адам және 1952 жылғы әйел зардап шеккен.
«Қазіргі уақытта зардап шеккендерді апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері қарап жатыр», – деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер жедел қимылдап, көрші орналасқан екі қабатты екі үйді аман алып қалды.