Батыс Қазақстанда екі автокөлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы аумағында болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 1 қараша күні Орал-Атырау жолында Ақжайық ауданы аумағында болды.

"Сағат 09:30-да Чапаев ауылынан 15 шақырым жерде Мойылды елдімекені тұсында 33 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі "ВАЗ-2114" автокөлігімен түйісті. Салдарынан жеңіл көлікті тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші құтқарушылар келгенге дейін мерт болды. Жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 85 жастағы кейуананы ұрып-соғып, тонап кеткенін жазған болатынбыз.

Новости партнеров