Жаңаөзенде жарылыс болып, 11 адам зардап шекті

17.04.2023 в 14:08

Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда

Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 05:00 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған.

Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.). Алдын ала мәлімет бойынша 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп-салдары анықталуда.

Оқиға орнындағы жедел үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.