Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деп болжанып отыр
«Бағбан-Құрылысшы» бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖД күшімен 27 литрден 3 газ баллоны шығарылды.
Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Тілсіз жау сағат 17:21-де толығымен ауыздықталды. Өрттің шығу себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуынан деп болжанып отыр.
Құтқару жұмыстарына Қостанай облысы ТЖД жеке құрамның 8 адамы 2 техникасы жұмылдырылды.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында қылмыстық топ түйелерді атып алған