Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрт: газ жарылысы расталмаған

www.gov.kz
www.gov.kz
Барлау барысында үш адамның денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағандыда жарылыс болған үйдің 8-қабатындағы балконнан құлаған тұрғынның жағдайы – орташа ауыр. Дәрігер науқастың жамбас сүйектері сынығанын мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Науқастың жағдайы орташа ауырлыққа жақын. Есін біледі. Жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқаста кеуде қуысының жабық жарақаты, жіліншік сүйектерінің жабық сынуы бар», – деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

10 қаңтар күні сағат 21:29-да Қарағанды қаласында Республика даңғылы, 18/2 бойында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 16 қабатты, бір кіреберісті, 127 пәтерлі тұрғын үйдің 8-қабатындағы пәтерде жалпы алаңы 30 шаршы метр аумақта өрт шықты.

1979 жылы туған ер адам жанып жатқан пәтердің балконынан құлап, медициналық мекемеге жатқызылды.

Барлау барысында үш адамның денесі табылды (болжам бойынша екі ер адам мен әйел).

Сондай-ақ, Қарағанды облысының ТЖД басшылығы газ жарылысы расталмағанын хабарлады. Оқиға орнында газ құрылғылары табылмаған.

Новости партнеров