Жетісу облысында аударылған көліктегі бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы 26 ақпан күні Панфилов ауданында болған. «Ауди-100» автокөлігі жол жиегіне аударылып кеткен.
Неміс «иномаркасын» тізгіндеген 67 жастағы ер адам «Батыс Қытай - Батыс Еуропа» автожолының 275 шақырымында рөлге ие болмай, көліктің аударылуына жол берді.
Автомобиль салонында төрт жолаушы болған.
Оның бірі - 1962 жылы туған жолаушы мерт болды. Қалған екеуі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол көлік оқиғасына 67 жастағы жүргізушінің рөлге ие бола алмауы себеп болуы мүмкін деп болжап отыр. Бұл іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
«2 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Жүргізушілерден жол жылдамдығын асырмай, ара облыстық ПД панфилов аудандық полициясының взвод командирі Айдар Нұрғисақашықтықты сақтауын сұраймыз. Ұмытпаңыздар, сіздерді үйде жақындарыңыз тосып отыр», – деді облыстық ПД панфилов аудандық полициясының взвод командирі Айдар Нұрғиса.