Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде орналасқан
Тәжікстанда тағы жер сілкінді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қуаттылығы 5,7 балдық дүмпу бүгін сағат 7:30 шамасында болған. Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 598 шақырым жерде орналасқан. Жерасты дүмпуінің тереңдігі - 25 шақырым. Әзірге апаттан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Еліміздің ТЖМ жер сілкінісін таңғы сағат 7:36-да тіркеген.