Оқиға 9 мамырда болған
Қарағандыда екі жасар бала терезеден құлап, мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 9 мамырда болды. 2021 жылы туған бала 7-қабаттан құлап түскен. Екі жасар бала оқиға орнында мерт болды.
Қарағандының ТЖ басқармасы балаларды қараусыз, жалғыз қалдырмауға кеңес берді.