Рудныйда 15 жастағы қыз Тобыл өзеніне батып кетті

31.05.2022 14:13

Су қоймасының осы бөлігінде шомылуға тыйым салу белгісі бар

Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында 15 жастағы қыз суға кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29 мамыр күні сағат 19.15 кезінде Рудный қаласы Парковая көшесі бойында Тобыл өзенінің әкімшілік аумағында құтқарушылар 2007 жылы туған жасөспірімнің мәйітін судан шығарды. 

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қыз 29 мамыр күні шамамен 17.15-те шомылуға арнап жабдықталмаған жерде суға түскен. Сонымен қатар оның сол жерде достарымен бірге болғаны анықталды. Су қоймасының осы бөлігінде шомылуға тыйым салу белгісі бар.