Бүгін іздестіру ісі ашылды
Алматы полициясы із-түзсіз жоғалған «Қазақстан аруы-2019» байқауының финалисін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Гүлнұр Нұртаза – «Қызылорда аруы – 2017» байқауының жеңімпазы.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасына жоғалған қыз туралы арыз кеше кешке құрбысынан түсті.
«Бүгін іздестіру ісі ашылды. Жедел шаралар кешені жүргізілуде», – деп хабарлады полициядан.