Қаза тапқандардың саны - 9
2019 жылғы 27 желтоқсанда сағат 07:22 - де Алматы-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша Bek Air әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ бортында – 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушыларды және әуе кемесінің экипажын эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімдігі барлық қалалық қызметтерді жұмылдырды. ТЖД (30 адам және 7 техника) жедел құтқару тобы (16 қызметкер, 2 техника және 1 кинологиялық ит), апаттар медицина орталығы (4 қызметкер және 1 техника), жедел жәрдем (35 қызметкер және 15 техника) жұмыс істейді. Сонымен қатар ПД (200 қызметкер және 20 техника) және 12 жедел топ құрылды.
«Зардап шеккендер 4 қалалық клиникалық аурухана мен балаларға жедел көмек көрсету орталығына жеткізілді», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Ұшақ ісіне қатысты ҚР Премьер-министрінің тапсырмасы бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия құрамында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері бар. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті. Қазіргі таңда апат себептері анықталуда.
Жедел қызмет қызмет ету штабы құрылып, шұғыл желі жұмыс істеп тұр:
Алматы облыстық ТЖД - 8 (727) 278 20 83, 278 20 8
"Алдын ала мәлімет бойынша, 9 адам қаза тапқан, 9 адам зардап шекті, оның алтауы - балалар", - деп мәлімдеді ТЖК-де.